Жарияланған күні: 21.05.2024
508 үй жарамсыз қалды
СҚО-да су тасқынан залал тиген баспаналарды бағалау және техникалық зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, өңірде 3898 үйдің 3363-і тексерілді. Оның 508-і тұруға жарамсыз деп танылды. Бүгіндері баспаналарды жөндеуге 845 сметалық есеп әзірленді.
– Апта соңына дейін техникалық зерттеу, сметалық есеп және баспананы бағалау құжаттамаларын беру аяқталады. Су тасқынынан зардап шеккендерге Солнечный-2 шағынауданында 500 үйдің құрылысы басталғанын атап өткен жөн, — делінген әкімдік мәліметінде.
Естеріңізге салсақ, 100 АЕК көлемінде бір реттік төлемді 6 мың отбасы алды, оның жалпы сомасы – 2,2 млрд теңгені құрады.