Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да білім саласына бөлінетін қаражат көлемі 1,3 есеге артты

Облыстағы білім саласының бюджеті 1,3 есеге өсіп, 155,4 млрд. теңгені құрады. Биылғы оқу жылында оқушыларды мектепке жеткізу мақсатымен 29 автобус сатып алынды. Қыркүйектің 1-не дейін тағы 20 жаңа көлік автобус паркін жаңартпақ.

Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар алаңында СҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова мәлім етті. Оның сөзінше, биыл облыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, осы мақсатқа бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді.

– Жаңа оқу жылында бұл жұмыс жалғасын табады. Бүгіндері қажетті қаражат қарастырылған. Ол шамамен 6,7 млрд. теңгені құрамақ. Нәтижесінде химия, физика, биология және география пәндеріне арналған 45 кабинет жаңартылады. Өткен жылы 55-не қажетті техника сатып алынды, – деді Татьяна Протопопова.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өткен оқу жылында 50 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 4 млрд. теңге жұмсалды. Жазғы уақытта 6 млрд. теңгеге тағы 51 оқу ғимарат жөнделеді.

СҚО-да тасқыннан зардап шеккендердің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *