Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жас азаматтардан синтетикалық есірткі тәркіленді

СҚО полицейлері Ақмола облысының 20 және 17 жастағы екі тұрғынынан бір келі синтетикалық есірткі тәркіледі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіттер синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істеген. Полицейлердің ақпараты бойынша, олар Петропавлға аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылай кезекті рет «жұмысқа» келгенде жедел уәкілдер оларды Рижская көшесінде қолға түсірді. Жеке тексеру және жалға алған пәтерді тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ас үйдің тарелкесіне салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1 келіден асты.

— Есірткі бизнесімен айналысатындар буып-түюшілер мен жасырушыларды жұмысқа аларда «қауіпсіздікті» уәде етіп, полицияның қолына түспеудің жолдарына үйретеді. Бірақ есірткі таратуды бастап, жеңіл ақша табуға кіріскендерді анықтау және ұстау полиция үшін үлкен қиындық тудырмайды. Әдетте олар көп дегенде үш ай ғана істеп, ұсталады. Бұл жігіттер де сонша уақыт заңсыз кәсіппен айналысқан. Кәмелетке толмаған күдікті үйқамаққа алынды, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

СҚО-да бруцеллез 244 ірі қарадан анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *