Жарияланған күні: 31.05.2024
Пойыз бен жүк көлігі соқтығысты
Петропавлда «Foton» маркілі жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шекті.
Апат Жұмысшы кенті жақтағы айналма жол бойындағы теміржол өткелінде болған. Зардап шеккен жүк көлігінің 27 жастағы жүргізушісін оқиға орнында жедел жәрдем мамандары тексеріп, үйіне жіберді. Ал 46 жастағы жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
– Зардап шеккен адамға жарақаттану пунктінде медициналық көмек көрсетілді. Емін амбулаторлық түрде жалғастыратын болады, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.