Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Маусымда 50 баспана халық игілігіне беріледі

Солнечный 2 шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан 700 үйдің елуі 5 маусым күні халық игілігіне тапсырылады. Естеріңізге салсақ, аталған шағынаудандағы құрылыс жұмыстары сәуірдің 24-і күні басталған болатын. Бүгіндері 100 баспана 90 пайызға дайын.

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасының мәліметінше, 700 үйдің 200-і «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен тұрғызылуда. Бұл мақсатқа 5 млрд. теңге бөлінген еді. 300 баспана «Қазақмыс» компаниясының қаражатына салынса, тағы 200-і екінші деңгейлі «Kaspi bank» қолдауымен, қалғандары «Yda» түрік компаниясымен және жеке инвесторлардың қаржысына бой көтермек.

– Үйлерді тұрғызуға жер бөлінді. Сметалық құжаттар әзірленіп болған соң, құрылыс жұмыстары басталады, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Майгүл Елемесова.

Биыл СҚО полицейлері есірткіге қатысты 104 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *