Жарияланған күні: 05.06.2024
Облыста 278 адамды кене шақты
СҚО-да сәуір айы басталғалы бері 278 адамды кене шақты. Оның 87-сі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзімге сәйкес өңірде 397 адамды кене шаққан.
– Соңғы 5 айдың ішінде облыста кене энцефалиті мен Лайм-боррелиозы ауруларын жұқтырудың фактілері тіркелмеді. Десе де сақтықты қорлық жоқ демекші. Орман алқаптары мен жазық далаларда серуендегенде бас киім киіп жүруге кеңес береді. Егер кене шақаса, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, — дейді департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасов.