Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

84 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Облыс полицейлері түнгі уақытта көше кезген 84 жасөспірімнің ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын үйден тыс жерде өткізетін жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ювеналдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. 5 күн ішінде олар заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көше кезген 84 жасөспірімді анықтады.

— Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты облыс тұрғындарынан кәмелетке толмаған балаларына көбірек көңіл бөлуді, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ұмтылуды сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруі олардың тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына алып келуі мүмкін, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап тәртіп сақшылары есепте тұрған екі мыңнан астам адамды тексерді. Оның ішінде тұрмысы қолайсыз 236 отбасыда бар. Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бес күн ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер 2339 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық бағыттары бойынша жұмыс күшейтілді.

СҚО-ға ҚР Премьер-Министрі келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *