Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да кәсіпкерлер тасқыннан келген шығынды өтеу рәсіміне наразы

Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала алмай жатыр. Жалпы өңірлік комиссия осы уақытқа дейін кәсіп иелеріне келтірілген залалды өтеу туралы тек төрт өтінішті қарап, қайтарып жіберген.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан зардап шеккен бизнес субъектілерімен облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов кездесті.

су тасқыны
Фото: СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

Өңірде шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның мөлшерін анықтау жөніндегі комиссиялардың құрылғанына бір айдан астам уақыт өтті, бірақ бұл рәсім баяу жүргізіліп жатыр. Комиссия зардап шеккен кәсіпкерлерден түскен төрт өтінішті құжаттардың толық болмауына байланысты қайтарып, қайта жүгінуге кеңес берген.

Өңірде бағалаушылар мен техникалық зерттеушілердің аздығы және олардың қызметін бюджеттен төлеу мәселесінің дұрыс шешілмеуі де жұмысты тежеуде. Палата өкілдерінің пікірінше, зардап шеккен кәсіпкерлердің көпшілігі табысын жоғалтқандықтан оларға өздігінен 600 мың теңгені төлеу мүмкін емес.

Тағы бір мәселе – кей тұрғындар бизнесті тіркеу үшін не жеке кәсіпкерлік, не ЖШС ашпай, жеке тұлғаның атына жазған. Роман Овчаренко әкесінен қалған дәмхананы жалға беріп келген. Жас жігіттің өзі жеке кәсіпкер емес. Шығынды өтеу бойынша ережеде мұндай жағдай қарастырылмаған.

су тасқыны
Фото: СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

Косогор шағын ауданындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен жеке кәсіпкер Любовь Афанасованың тұрғын үйі мен «Наш» дүкені техникалық тексеру қорытындысына сай жарамсыз деп танылды. Әйел бағалау нәтижесімен келіспейді.

«Үйімнің ауданы 145 шаршы метр, 10 сотық жерім, монша, жылыжай болды, осыған тек 22,7 млн теңге ғана өтемақы бермек. Мен бұл сомаға не аламын? Егер бизнес те осылай бағаланса, онда менің айтарға сөзім жоқ», — дейді барынан айырылған Любовь Афанасова.

Кездесуге СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шамсутдинов қатысып, шығынды өтеу ережелері бекітілгенін, комиссия мүшелері соның негізінде жұмыс істеп жатқанын түсіндірді. Ережеге сәйкес, тек тұрғын үйге ғана өтемақы бар және ол 22,7 млн теңгеден аспайды.

Қанат Шамсутдинов мәселелер бойынша нақты жауап бермеді, бірақ ережені құрастырушылармен кеңесуге уәде берді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да бұл мәселені «Атамекен» орталық аппаратына жіберіп, өтемақы ережесін әзірлеуші органға хабарлау қажеттігі туралы өтініш жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде су тасқыны салдарынан 204 бизнес субъектісі зардап шекті, оның 139-ы облыс орталығында, 65-і Қызылжар ауданында орналасқан.

Ат жарысында жүлдегер атанғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *