Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Алдағы жылы электр қуатының тарифі өседі

2025 жылы өңірде электр энергиясының бағасы 0,48 теңгеге қымбаттайды. Яғни, келер жылдан бастап тұрғындар жарықтың 1 КВТ үшін 8,44 теңге төлейтін болады. Алайда қоғам белсенділері мен тұрғындардың ойынша бұл – тым қымбат. Аталған мәселе бүгін қоғамдық кеңесте талқыға түсті.

Қазір тұрғындар 1 квт электр энергиясы үшін 7,96 теңге төлеп жүр. Энергетиктердің айтуынша, басқа өңірлердегі тарифпен салыстырғанда бұл анағұрлым төмен. Сол себепті де, кәсіпорын келер жылы тарифті өсіруді жоспарлап отыр.

Тарифті көтеруімізге бірнеше себеп бар. Біріншіден, қазір «Энергия» және «Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған энергия» тарифтік сметалық бабы бойынша шығындар көлемі ұлғайып кетті. Және бізде кадр тапшылығы бар. Оған еңбекақының аздығы себеп. Тарифті өсіру арқылы жұмысшылардың еңбекақсын да ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – деді «Солтүстік Қазақстан электржелістік тарау компаниясы» АҚ бас директоры  Александр Чекулаев.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан электржелістік тарату компаниясында 267 бос жұмыс орны бар. Кәсіпорын осы вакансиялардың арқасында басқа қызметкерлердің еңбекақысын өсіріп отыр екен.

Егер біз бұл бос орындарға жұмысшыларды алатын болсақ жалақы жеткізе алмаймыз. 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа еңбекақы тарифтік сметаға сәйкес 182 мың 809 теңгені құрады. Бірақ жұмысшыларға 201 мың 136 теңге төленді. Сол себепті де, бос орындарға қызметкерлер алып, тарифті көтеру арқылы еңбекақыны қоспақпыз,  – деді спикер.

Қоғамдық кеңеске өңір белсенділері мен қатар қала тұрғындары да қатысты. Алайда, қалалықтардың сөзінше, компания соңғы үш жылда жұмысшылардың жалақысын көбейтпеген. Тек тариф бағасын ғана өсіріп отыр екен. Сол себепті, бұл мәселені табиғи монополоияларды реттеу департаментінен қайта қарауды сұрады.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 40-қа жуық фермер несие алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *