Жарияланған күні: 14.06.2024
Балықшы суға батып кетті
Мамлют ауданына қарасты Покровка ауылы жанында балық аулап жүрген ер адам суға батып кетті.
Оқиға сәрсенбі, яғни 12 маусым күні болған. Ер адамның денесін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері тауып алған.
— Мамлют ауданыныңкезекші бөліміне Покровка ауылының маңында балық аулау кезінде 61 жастағы ер адамның суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Ол қайықтан құлап кеткен, – дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.