Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Прокурорлар білім беру ұйымдарында тексеріс жүргізді

Облыс аудандарындағы бірнеше білім беру орындарында бюджет қаржысын ұрлау фактілері тіркелді. Бұл туралы СҚО прокурорлары мәлім етті. Заң бұзушылықтар Айыртау, Тайынша мен Аққайың аудандарында анықталды. 

Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Заң бұзушылықты облыс прокурорлары кезекті тексеріс барысында анықтаған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осындай заң бұзушылық Аққайың, Тайынша аудандарының мектепке дейінгі мекемелерінде де анықталған. Олар мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы әрекет жасап, себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төлеген. Салдарынан 17 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

 — Облыстағы барлық дерлік балабақшаларда өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарының жүйелі түрде бұзылуы анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды, – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.

СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтарды шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *