Пәтерін алаяққа сатқан қала тұрғыны сотқа шақырту алды
Петропавл қаласының тұрғыны 2018 жылы өз пәтерін сәтті сатып жіберген болатын. Алайда, 6 жыл уақыт өткеннен кейін жерлесімізге сотқа шақырту қағазы келді. Белгілі болғандай, сатып алушы берген ақша бұрын алаяқтық жолмен алынған екен. Осылайша, азаматша байқаусызда істің қатысушысы болып шыға келді.
Кейін сот сатып алу-сату шартын жарамсыз деп танып, сотталушыдан сот шығындарын өндіріп алуға шешім қабылдайды. Сондай-ақ, әйел адвокаттың қызметіне 200 мың теңге төлеп, біраз шығынға батқан. Бұдан әрі қалай болу керектігін түсіну үшін азаматшаның ұлы «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдауына келді. Ер адам адамдарды мұндай жағдайлардан қорғау туралы норманың заңды түрде жазылғанын қалайды.
— Істің түсініксіз болғаны соншалық, адвокаттың қызметіне жүгінуге тура келді. Негізінде менің анам алаяқтың құрбаны атанып отыр. Бірақ заң бойынша азаматтар мұндай әрекеттерден қорғалмайды екен. Біз пәтерді сатқан кезде ол бұл баспананы қызыма сыйлық ретінде алдым деген болатын. Алайда бұл ақшаның қандай жолмен келгенін айтпады, — деді ұлы Роман Ч.
Қазіргі уақытта заңгерлер мен жергілікті депутаттар оған азаматтық заңнамаға түзетулер енгізу үшін мәжілісмендердің атына өтініш жасауға көмектесіп жатыр. Егер, заңға өзгеріс енгізілмесе, бұл жағдай алдағы уақытта да қайталануы мүмкін.
Қоғамдық қабылдауға Петропавл қаласының тұрғыны Анастасия Шартон де келді. Су тасқыны кезінде азаматшаның үйі судың астында қалыпты. Ол оның үйі бойынша сараптама қорытындысын берілуін және геодезиялық өлшеулердің жүргізілуін сұрайды. Бұған дейін тұрғын үйге екі рет зерттеу жүргізілген. Тіпті, күрделі жөндеу жүргізу үшін 51 миллион теңге көлемінде өтемақы да анықталған. Алайда, бүгінгі күнге дейін үйінде ешқандай жұмыстар басталмаған. Себебі, жертөледе әлі де су бар. Енді әйел үйінің үйінділердің астында қалып қоятынына алаңдап отыр. Мәселемен қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері айналысып жатыр.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында барлығы 8 адам қабылданды. Өтініш білдірушілердің көп бөлігі су тасқынынан зардап шеккендер. Жалпы жыл басынан өңір бойынша «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына түрлі сұрақпен 2320 адам жүгінген.