Жарияланған күні: 19.06.2024
СҚО-ның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді.
Жемқорлық фактісі туралы ақпарат Астанада өткен брифинг барысында айтылды. Лауазымды тұлға улы хаимикаттар қоймасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны жеделдеткені үшін бизнес субъектісінен пара алды деп күдіктелуде.
— Лауазымды тұлға кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірмеу үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.