Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртау ауданында 57 ірі қарадан бруцеллез анықталды

Айыртау ауданына қарасты «Гусаковка» ЖШС-де 57 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Бұл туралы СҚО ветеринария басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Басқарма ақпаратына сәйкес, облыста сәуірдің 10-ы мен маусымның 7-сі күндері аралығында ветеринарлық іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде «Гусаковка» ЖШС-дегі сиырлардан ауру анықталды.

Ветеринарлық талаптарға сәйкес 57 ірі қара малдың 15 күн ішінде көзі жойылуы тиіс. Ал шаруашылыққа бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді.

— Сауықтыру іс-шаралары аясында республикалық эпизоотияға қарсы жасақ әрбір 15-20 күн сайын ірі қара малды бруцеллезге тексеріп отырады. Сондай-ақ әрі қарай таралмауы үшін үй-жайларды зарарсыздандырады. Шектеу режимі енгізілген жағдайда мал өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынады. Шектеу шарасы үй-жайлар толық дезинфекциядан өткен соң және қатарынан екі рет теріс нәтиже берген жағдайда алынады, — делінген баспасөз хабарламасында.

Тимирязев ауданында мәдени-сауықтыру орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *