Қанат Бозымбаев зардап шеккендерге жаңа баспананың кілттерін табыс етті
Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сай су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың баспана мәселесі жедел шешілуде. «Бірлік» жаңа шағын ауданының құрылысына 1,5 мың адам жұмылдырылған.
Екі апта бұрын 53 отбасы алғашқы жаңа үйлердің иесі атанған болатын. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ляззат Чинкисбаеваның қатысуымен 47 үйдің кілтін тапсыру рәсімі өтті.
Демеушілердің қаржысына 600 үйдің құрылысы жалғасуда. Барлық үйлер құрылыс кестесіне сәйкес қолданысқа беріледі.
Рәсімнен кейін Қанат Бозымбаев жаңа үйлерді аралап, Ғалия Хамзина және Александр Ошмаровтың жанұяларын қоныс тоймен құттықтады.
Бүгінге дейін «Бірлік» шағын ауданынан жаңа үй алуға 500-ге жуық отбасы өтініш білдірді. Сондай-ақ, екінші нарықтан зардап шеккендерге 400 пәтер сатып алынды.
Кейін Вице-премьер Петропавл және Қызылжар ауданында инфрақұрылымды қалыпқа келтіру және үйлерді жөндеу барысымен танысып, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Мехбригадалар қатарында барлығы 600 адам еңбек етуде.
Қазақстанда вейпке тыйым салынды