ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындылары шықты. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, осы ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. 266 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.
Орталықтың дерегіне сүйенсек, осыған дейін негізгі ҰБТ-ны тапсырған талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Тестілеу басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, бұл әзірге 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138.
Бүгінгі таңда 315 ереже бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң, ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды.