Жарияланған күні: 02.07.2024
СҚО көлінде жас жігіт суға батып кетті
Петропавл жанында орналасқан Черное көлінде қайғылы оқиға тіркелді. 20 жастағы азамат суға батып кетті.
Оқиға кеше шілденің 1-і күні орын алды. Төтенше жағдай Прибрежное ауылының маңындағы Черное көлінде сағат түнгі 10 шамасында тіркелген. 20 жастағы жігіт достарымен шомылуға барып, суда мерт болды.
— 2003 жылы туған азаматты іздеуге ТЖД 3 қызметкері, 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Көмекке бес полицей мен 2 бірлік техника келді. 22-45-те жоғалған адамның денесі табылды, өлім жағдайлары анықталды, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.