Жарияланған күні: 11.07.2024
СҚО-да екі бала суда мерт болды
Облыстағы Есіл өзенінде кәмелеттік жасқа толмаған екі бала көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
СҚО ТЖД мәліметінше, сағат 14:40-та сүңгуірлер Есіл өзенінің сағасынан 15 және 11 жастағы екі жасөспірімнің денесін тапты. Бұған дейін балалар белгісіз жағдайда жоғалғаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға Қызылжар ауданының Бескөл ауылы жанында тіркелді. Құтқарушылар үш арнайы техника мен дронды қолданып, жоғалғандарды тапты.
– Балалардың денелері табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.