Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Бірлік шағынауданынан үйлер берілді
Петропавлда бой түзеген Бірлік шағынауданында тұрғызылған кезекті үйлер өз иелерін тапты. Бүгінгі таңда бұл қаланың мөлтек ауданында 150-ден астам отбасыға құтты қоныстың кілттері тапсырылды.
Құтты қоныс иелеріне үйлердің кілттерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов табыстады. Салтанатты шарада сөз алған ол барша тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.
— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер тұрғызылды. Құтты қоныстарыңыз құтты болсын. Бұл жұмысты біз әлі де жалғастырып, шағынауданнан тағы бірнеше отбасыға баспана тұрғызамыз, — деді Марат Тасмағанбетов.
Қалалық қоғамдық комиссияның мәліметінше, қазіргі уақытта баспанасыз қалған 2000-ға жуық адамның өтініші қаралған. Олардың ішінде 500 адам Бірлік шағынауданында салынып жатқан үйлерді алуға өтініш берген.
Қала күні кең көлемде аталып өтіледі