Алты айдың ішінде 529 ірі қарадан бруцеллез анықталды
Жыл басынан бері облыстық ветеринария басқармасының мамандары үй жануарларына екпе қою және жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында 2 млн. 890 мыңнан астам жоспарлы шара жүргізді. Нәтижесінде 9 қолайсыз аумақ анықталды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаевтың айтуынша, қолайсыз аумаққа енген 4-інде бруцеллез, 3-уі құтырма, бір-бірден жылқының ринопневмания мен жылқы тұмауы анықталды.
– Барлық фактілер жоспарлы санитарлық-ветеринарлық шаралар аясында анықталды. Бүгіндері бруцеллез ауруы тіркелген Тимирязев ауданының Докучаево, құтырма бойынша Қызылжар ауданындағы Прибрежное, ат тұмауы бойынша Уәлиханов ауданының Телжан елді мекенінде шектеу шаралары алынып тасталды, – деді Олжас Болыспаев.
Жыл басынан бері өңірдегі 529 ірі қарадан бруцеллез анықталған.