Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Көлікті мас күйде тізгіндеген әкім жұмыстан шығарылды

Тайынша ауданына қарасты Чкалов ауылдық округінің әкімі көлікті мас күйде тізгіндеп ұсталынған болатын. Бүгіндері шенеунік  жұмыстан шығарылды.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, оқиға 27 қаңтарда сағат 22.30 шамасында Көкшетау қаласында болған. Тәртіп сақшылары аулалардың бірінде «Лада 21713» көлігін тоқтатады. Рульде Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің экс-әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Медициналық куәландыру оның мас болғанын көрсетті. Заңға сәйкес мемлекеттік қызметші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін өрескел бұзған Сәдуақасовтың ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Экс-әкім өз кінәсін мойындады.

— Тайынша ауданының әкіміне Чкалов ауылдық округінің әкімі С. Т. Сәдуақасовқа заңды күшіне енген сот актісімен дәлелденген Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін жұмысынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынамыз. Ол жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзып, қоғамға жат мінез-құлыққа жол берді, жұмыстан тыс уақытта орташа дәрежеде мас күйінде автокөлікті басқарып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндірді, — дейді СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Абзал Оразымбетов.

СҚО-да заңсыз крипто айырбастау пункті жұмыс істеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *