Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Биыл 2 адам суда мерт болды

Соңғы 10 жылдың ішінде суға шомылуға жарақтандырылған жағажайларда бірде-бір адам өлімі тіркелмеді. Десе де, биылғы жылдың өзінде белгіленбеген жерде суға түскен 2 адам қаза тапты.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ризабек Темірбеков суда қайғылы оқиғалардың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Баспасөз мәслихатында азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі биылғы жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-ші бабындағы «Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтамау және бұзу» бойынша бірқатар азамат жауапқа тартылғанын айтты.

– СҚО-дағы су айдындарында әкімшілік жауапкершілікке 18 адам тартылды. Сондай-ақ ӘҚБ кодекстің 364-ші бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 150 азамат жазаланды. Негізінен демалушылар өзен-көлдерге алкогольдік ішімдік әкеледі. Салдары өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін түсінбейді, — дейді Ризабек Темірбеков.

Жұмыс берушілер қызметкерлеріне 63,2 млн. теңге қарыз

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *