Жарияланған күні: 25.07.2024
Аграрлық несиелік ұйымның басшысы сотталды
Петропавл қалалық соты «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкім шығарды.
– Ол арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін кредиттік қарыздарды жеделдетіп бергені үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.