Жарияланған күні: 25.07.2024
Петропавлдағы 6 көпқабатты үйдің тұрғындары бірнеше күн бойы электр қуатынсыз отыр
Шілденің 22-сі күні қатты жаңбырдан соң Абай және Назарбаев көшелеріндегі үйлердің тұрғындары жарықсыз қалып, жертөлелеріне су кірді.
Абай көшесіндегі №47 үйдің тұрғындары суға арналған костюмдердің көмегімен жертөлеге кіріп, су деңгейін өз беттерінше өлшеді. Ол 145 см-ді құрады. Салдарынан бірінші қабаттардағы пәтерлерде едендер көтеріліп кетті. Сондай-ақ, тұрғындар тұрып қалған судың жағымсыз иістің салдарынан тәулік бойы терезелерін ашып қойып, амалдап отыр. Осыған қарамастан олар үйді паналауға мәжбүр. Себебі, көбінің басқа барар жері жоқ.
ПИК төрағасы Ирина Яуфман су басқан жертөлелердегі жағдай құбырлар ретке келтірілгенге дейін әр жауын-шашын бойы қайталанатынын айтты.