Жарияланған күні: 26.07.2024
СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Өтініш берушілер 101 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысының аралығы, су тасқынынан зардап шеккен «Искра» саяжайшыларын қолдау шаралары, тұрғын үй бөлу мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды.