107 адамның несиесі кешірілді
Халықты кредиттеу проблемаларын шешу үшін банкроттық рәсімді қолдана отырып, тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қажет. Соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдері бойынша осы күнге дейін 397 солтүстікқазақстандық жеке тұлға өтініш берген болса, соның 107-сінің қарызы кешірілген.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлнара Тагированың айтуынша, 2023 жылдың 3-ші наурызынан бастап департамент азаматтардан банкроттық рәсімді қолдану бойынша өтініштерді қабылдауда. Тәжірибе көрсеткендей, өтініштердің көбісі соттан тыс банкроттық рәсімге қатысты болып отыр.
Елімізде 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүргізіліп жатқаны баршаға мәлім. Биылғы жылы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады. Яғни, маңызды міндетті 60 мыңға жуық солтүстікқазақстандық тапсыруы тиіс.
Декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметті жүргізбесе де орындалуы тиіс. Декларацияның өзі сауалнама түрінде ұсынылған, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлнара Тагирова.
Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі қыркүйектің 15-і күні аяқталады. Айта кету керек, декларацияны орындамаған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.