Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жолда жүру қағидаларын бұзудың 300-ден астам фактісі тіркелді

СҚО полицейлері алты күнге шақталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Рейдтер барысында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 300-ден астам фактісін анықтады.

Құқық бұзушылықтардың дені көлік басқару кезінде телефон пайдалану – 52, маневр жасау ережелерін бұзу – 32, жылдамдықты арттыру бойынша 26 факті тіркелді. Сондай-ақ 19 жүргізуші көліктерін техникалық тексерусіз пайдаланған. Жалпы жолаушылар көлігінің қатысуымен өңір жолдарында 6 айда төрт жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бес адам жарақат алды.

Петропавл сыртындағы айналма жолда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала ішінде қатынайтын бағыттардың бірінің автобусын басқарып келе жатқан 57 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Күннің жарығынан қорғану үшін көліктің алдыңғы терезесін қараңғылатып, пленка жабыстырған, бұл көлік құралдарының пайдаланудың өрескел бұзушылығына жатады. Бұзушылықты жүргізуші сол жерде жойды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жұмысшы кентінің көшелерімен мас күйде жүрген «Mitsubishi» маркілі жеңіл автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісін ұстады. Оны тоқтатып, ұстау кезінде ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Медициналық куәландыру оның бойында мастықтың орташа дәрежесін көрсетті. Ер адам 15 күнге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

«Автобус» іс-шарасы шеңберінде 28 шілде күні Кошуков көшесінде 62 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ережені өрескел бұзғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды.

Апатқа ұшыраған көліктер қала көшелерімен жүріп өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *