Қазақ күресінен республикалық турнир өтті
Петропавлда қазақ күресінен «Бейбіт күннің батырлары» атты республикалық турнир өтті. Жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналды.
Республикалық турнирге еліміздің қалаларынан 14 команда қатысуда. Бозкілемге бірнеше салмақ дәрежесі бойынша 100-ден тарта балуан шықты. СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақ күресінен турнир осымен 2-ші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.
– Жарыстың ерекшелігі – турнирге құтқарушы-спортшылардан бөлек, кәсіби түрде қазақ күресімен айналысып жүрген балуандар да қатысты. Турнирде 55 келіден бастап, «Түйе палуан» санатына жататын кіретіндер бақ сынады, — дейді СҚО ТЖД қызметкері Марина Самойленко.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанғандарға грамоталар мен медальдар табысталды.