Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге 900 млн. теңге өтемақы берілді

Облыста тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады. Комиссия жалпы сомасы 900 млн теңге болатын 41 өтінімді мақұлдады.

Республикалық бюджеттен алғашқы транш өңірге жетті. Бұл туралы шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин мәлімдеді.

СҚО-да су тасқыны салдарынан 140 кәсіпкер зардап шекті. Бұл аймақтық комиссияға зиянды өтеу туралы өтініш білдірген немесе өтініш білдіргісі келетіндердің саны. Комиссия жұмысы басталғаннан бері 10 отырыс өткен.

— Бүгінгі таңда біз 2 млрд теңгеден астам сомаға 99 өтінімді қарадық, оның ішінде 900 млн теңгеге жуық сомаға залалды өтеуге 41 өтінімді мақұлдадық. Қалғандарының құжаттары толық болмауына байланысты комиссия қайтарды. Сондай-ақ басқа комиссия шешім қабылдауы тиіс ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер түсті. 23 шілдеде біздің өңір кәсіпкерлерден түскен тоғыз өтініш бойынша өтемақы төлеуге 90 млн теңге көлемінде алғашқы транш алды. Ақша зардап шеккендердің шоттарына аударылды, — деді Есжан Оразалин.

СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, өтемақы алу үшін тиісті құжаттарды комиссия қарауына толық өткізу керек. Тек содан кейін ғана республикалық бюджеттен қаражат бөлінбек.

— Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірлік комиссияға әлі де жүгінбеген кәсіпкерлерге телефон соғып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берді. Кәсіпкерлерден өтініш беруді жеделдетуді сұраймыз, — дейді Есжан Оразалин.

Үй жануарларын серуендету қағидаларын бұзған азаматтарға әкімшілік айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *