Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Аrtemia salina» шаянының жұмыртқасын заңсыз өндіргендер анықталды

СҚО полицейлері әскери қызметшілерімен бірлесіп, «artemia salina» шаянын заңсыз өндіргендер ұсталды. Күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, 6637 әскери бөлімі «Б» тобының әскери қызметшілері қатысты. Нәтижесінде artemia salina шаяны цисталарын рекордтық мөлшерде заңсыз алудың жолы кесілді.

Жедел уәкілдермен жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында «КамАЗ» жүк көлігінен 260 қап шаян цисталары тәркіленді. Тағы 242 қап Бескөл елді мекеніндегі қоймадан алынды.

Күдіктілер – Тайынша ауданының 35 жастағы және Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағандығы үшін сотталған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері олардың artemia salina шаянының жұмыртқаларын Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде аулағанын анықтады.

— Алынған artemia salina цисталарының жалпы салмағы 24 тонна, бұл осыған дейін облыс аумағында алынған ең ірі көлем. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

СҚО-да қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жазаланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *