Өрт ұялы телефонның қуаттағышынан шықты
Петропавлда қуатталып тұрған телефон өрттің шығуына себеп болды. Салдарынан 56 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңертең болған. Петропавлдағы үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан.
«Өрт 5 шаршы метр аумақта болып, жиһаз жанды. Өрт сөндірушілер оны 8 минут ішінде толық сөндірді. Пәтерде болған 1968 жылғы ер адамға иіс тиіп, уланған екен. Емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына ұялы телефон қуаттағышы себеп болуы мүмкін.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам Петропавл қалалық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр. Жедел жәрдем көлігімен жеткізілген қала тұрғынының жағдайы өте ауыр болып, комаға түскен. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазіргі уақытта ер адамның беті бері қарап, жалпы палатаға көшірілді.