Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Судың тарифін негізсіз өсірген кәсіпорын анықталды

Облыс прокурорлары кәсіпкерлермен палатасымен бірлесіп, судың тарифін негізсіз көтерген кәсіпорынды анықтады. Мұндай қарекетке барған компания Мамлютка қаласы тұрғындарынан түскен арыздан соң белгілі болды. Нәтижесінде тіршілік нәріне төленетін баға төмендетілді.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны Тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұзған. Осылайша кәсіпкерлерден бюджеттік ұйымдарға бекітілген тарифпен, яғни тұтынылған судың әр м3 үшін 1318 теңге алып келген. Қадағалаушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бұл мәселені зерделеп, заңсыздықты жою туралы ұсыныс енгізді.

— Ұсынысты қарау қорытындысы бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылып, облыстың табиғи монополияларды реттеу басқармасы 1 шілдеден бастап тұрғындарға 1 м3 үшін 190-нан 99,24 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушыларға 1318,72-ден 688,81 теңгеге дейін түсіріп, су тарифін бекітті. Бұл уақытша өтемақы тарифі болып есептеледі. Қабылданған қадағалау шаралары Мамлютка қаласы тұрғындарының, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Осылайша коммуналдық кәсіпорын негізсіз алынған қаражатты тұтынушыларға төмендетілген тарифті қолдану арқылы қайтарады.

Петропавлда дойбыдан ел чемпионаты өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *