19 жастағы жігітті пышақтаған оқушы сотталды
Петропавлда 19 жастағы жігітті пышақтаған № 44 орта мектептің оқушысына қатысты сот отырысы өтті. Оның нәтижесінде жасөспірім кінәлі деп танылып, 3 жарымға жылға бас бостандығын айыру жазасы кесілді.
Естеріңізге салсақ, оқыс оқиға биыл Петропавлда мамыр айында орын алды. Қаладағы № 44 орта мектептің аумағында 18 жастағы С. оқушыс Қ.-мен сөзге келмей, төбелес шығарған. Салдарынан жасөспірім 19 жастағы жігітке пышақ сұқты.
Сот отырысында прокурор С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Мұны сот есепке алып, жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарады.
— Сот үкімімен С. ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдердің жиынтығы бойынша С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, — делінген баспасөз хабарламасында.
Сотталған оқушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтемек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.