Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+24°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
12:47:10Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады

Алаяқтар өз жоспарларын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атынан қазақстандықтарға хабарламалар жолдауда. Бұл туралы 2024 жылдың 22 тамызында Антикор хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», — деп жазылған ресми хабарламада.

Қазақстандықтарды жалған ақпараттық хабарламаларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерді баспауды және ақша аудармауды сұрайды.

«Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», — деп ескертті ведомства.

«Саламатты Қазақстан» пойызы: Бір аптада дәрігерлерге 3 мыңға жуық тұрғын қаралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *