Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Облыстық қоғамдық кеңес отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жайы талқыланды. Биылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қалада 2407 үй зардап шекті. Осы ретте облыс орталығында 7 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған еді.
Табиғисипаттағытөтенше жағдай салдарынантұрғын үйінен айырылғаназаматтардыңөтініштерінқараужөніндегікомиссия тарапынан42отырысөткізіліп, су тасқынынанзардапшеккеназаматтардың1807өтінішіқаралды.
«QyzyliarAsar»корпоративтікқоры зардап шеккендерге 19506680229теңгеге 1057пәтерсатып алып, нәтижесінде 926отбасы баспаналы болды.
Сондай-ақ техникалыққорытындығасәйкес, тұруғажарамдыжәнежөндеугежататын25тұрғынүйге қатысты өтініштер су тасқынысалдарынан зардап шеккендергеарналғанүйлердісалужәнежөндеужөніндегікомиссияғажіберілді. Зардап шеккендерге100АЕКмөлшеріндебіржолғытөлемтүріндегі көмек 7455адамға көрсетілді. Сонымен қатар 2038азаматқакелтірілгенматериалдықзалал үшін 150АЕК көлемінде өтемақытөленді.Жалғызтұрғын үй болып табылатынсаяжайқұрылыстарынакөмек көрсету мәселесі де өз шешімін табуда. Уақытша(маусымдық)тұруғаарналғанқұрылыстарда тұратын азаматтардыңөтініштерінқараужөніндегікомиссия 112өтінішқарап үлгерген.
Сонымен қатар облыс орталығында Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген азамат та анықталған. Тұрғын биыл көктемгі су тасқыны кезінде зардап шегіп, қалалық әкімдікте құрылған арнайы комиссияға жүгінген.
–Басында комиссия мүшелері күнде жиналып, құжаттарды қабылдады. Қазір олардың саны едәуір азайды. Негізінен құжаттары дұрыс емес азаматтар жүгінеді немесе комиссия шешімімен келіспеген тұрғындардың арыздары қаралады. Кейбір үйлердің иесін табу қиынға соғып тұр. Комиссияда отырып біраз жәйттің беті ашылды. Қора-қопсыларын ресімдегендер де бар, үйлеріне құжат алмағандар да бар. Тіпті, бізге келген бір ер адамның Кеңес одағының төлқұжатымен жүргені анықталды. Яғни, ол жеке бас құжаттарын ауыстырмаған. Тасқын біраз мәселенің бетін ашты, – дейді қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев.
Жалпы су тасқыны кезінде зардап шеккен Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының тұрғындарына арнап «Солтүстік «ӘКК» АҚ қоймасынан 120 тонна гуманитарлық көмек (арпа, қарақұмық) бөлінген. Петропавл қаласының аумағындағы қоймалардан 800 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берілген. Олар – азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, үй тоқыма бұйымдары, жылы киім мен аяқ киім, шаруашылық және ауыл шаруашылығы тауарлары, тұрмыстық техника, ас үй керек-жарақтары, балаларға қажет құрылғылар мен медициналық жабдықтар.