Жарияланған күні: 25.09.2024
ЖРВИ-ге шалдыққандар қатары артты
СҚО-да қазіргі уақытта жұқпалы-респираторлық инфекцияға шалдығудың 3655 жағдайы тіркелсе, оның 2403-і 14 жасқа дейінгі балаларда анықталды. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 8 пайызға артық.
Инфекцияның бұл түрінен қорғанудың бірден-бір оңтайлы жолы – екпе. Ол адам ағзасына енгізілгеннен кейін тұмауға қарсы иммунитет қалыптасады. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды иммундау шараларына белсенді қатысуға шақыруда.