Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тариф тұтынуға қарай бекітіледі

Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңында  ұйымдастырылған брифингтің тақырыбы «Табиғи монополиялар саласындағы заңнама  жаңалықтары»  деп аталды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап арыз жұмысы бөлімінің басшысы Вячеслав Лукинов  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне заңнама талаптарын түсіндіріп берді.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманы  жетілдіру мақсатында биылғы жылдың екінші жартыжылдығында «Табиғи монополиялар туралы»  Заңға жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

— Заңда электр энергиясы құнының өзгеруіне байланысты ТМС тарифін уақтылы өзгерту мақсатында жылу энергиясын беру және бөлу саласы үшін электр энергиясын стратегиялық тауармен айқындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу сияқты өзгерістер бар,-дейді маман.

Бұдан бөлек заңда мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақпаратты орналастыру арқылы тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген.  Сонымен қатар төтенше жағдайлардың немесе  апаттардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметада шығындар баптарын өз бетінше қайта бөлу құқығын беру, өңірдегі экономикалық қызмет түрлеріне байланысты  қызметкерлердің орташа айлық  жалақысының өзгеруі негізінде бекітілген тарифті қайта қарау мерзімдерін қысқарту сынды жаңашылдықтар енгізілген.

-Бүгінгі күні жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салалары бойынша тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Жеке тұлғалардың тұтынуы үшін ресурстардың объективті қажетті көлемі ескерілетін  болады. Бекітілген нормалардан артық тұтынылған жағдайда тарифтер мен бағалар қайта қаралады. Коммуналдық қызметтерге ақы  төлеуде халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғау мәселелері қайта пысықталмақ, — деді Вячеслав Лукинов.

СҚО аудандарына қар тазалайтын арнайы техника алынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *