Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+13°C
Небольшие дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
21:06:51Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бұрыш спрейін шашқандар анықталды

27 қыркүйек күні Ақжар аудандық полиция басқармасына Талшық ауылындағы  мектепте балалардың есінен танғаны, бөлмеден улы иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Тергеу тобының мүшелері мен учаскелік инспектор  оқушыларды, техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялаған, содан кейін олар  кабинеттерді тексеруге кіріскен.

Тексеру барысында осы мектептің екі мұғалімінің  бұрыш спрейіне қарап тұрғаны, біреуінің спрейді шашқаны, улы газдың ауаға тарағаны анықталған.

Оқиға салдарынан 11 және 9  жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Оларға медициналық көмек      көрсетілді. Бұрыш спрейін шашқан мұғалімдер  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ислам Жақсылық фестивальде үздік әртіс атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *