Жарияланған күні: 25.10.2024
Облыс әкімі солтүстікқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерімізді Ұлттық мейраммен құттықтады.
— Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ұлы мереке, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің мызғымас белгісі. Халқымыздың болашағы жарқын болып, әрбір отбасы бақ-берекеге бөленсін! Еліміз қарыштап дамып, әлемде беделі арта берсін. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін біліп, Отанымызға адал қызмет етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! — деп жазды СҚО әкімі.