Жолшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
«Жол бойында қоқыс көрсеңіз, оны жинап, арнайы жерге тастаңыз! Басқа адамдарға үлгі көрсетіңіз!».. Осындай ұранмен республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілер мен жолаушыларға қағаздан жасалған экоқаптар таратылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жолдарда тазалықты сақтау және қоқысты көлік жүретін бөлікке тастамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында«ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы өңірлік филиалының және «ҚажСервис» серіктестігінің өкілдері экоқаптарды жолаушыларға табыстады. Экологиялық бастама автокөлік жүргізушілері тарапынан қолдау тапты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, экоқаптар қоқысты жинау үшін берілген. Оны кейін жол бойындағы арнайы жабдықталған орындарға тастауға болады.