Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жалған нөмірмен көлікті тізгіндеген азамат жазаланды

Жыл басынан бері облыста «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы арқылы 2 мыңға жуық көлік жүргізушісі жазаланды. СҚО полиция департаментінің ақпаратынша, Аққайың ауданына қарасты, Астраханка ауылының маңынан өтетін «Астана-Петропавл» тас жолында «Toyota Camry» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 32 жастағы әйел тоқтатылды.

«Интеллектуалды» бейнекамералар оның жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзғандығын тіркеген. Бірақ жүргізуші келіп түскен хабарламаларды елемеген. Полицейлер жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін ол жалпы сомасы 380 мың теңге айыппұлды төледі.

Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бір апта бұрын Петропавлда полицейлер «Мегакам.Қорғау» бағдарламасының көмегімен 21 жастағы студент басқарып келе жатқан «Toyota Camry» көлігін тоқтатты. Оның жалған нөмірі бар көлікті басқарғаны анықталды. Қысқа уақыт ішінде ол жылдамдықты 14 рет арттырған, өзге де заңбұзушылықтарға жол берген, бұл – автоматты бейне жазу жүйелерімен тіркелген.

— Жалған нөмірді пайдаланғаны үшін сот жас жігітті бір тәулікке әкімшілік қамауға алды, сондай-ақ бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Бұдан бөлек ол барлық айыппұлды төлейді. Қазіргі заманғы жолдағы бақылау құралдары заң бұзушылықтарды бірден тіркейді, яғни жазадан жалтару мүмкін емес. Жүргізушілерді заңды талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

«Мегакам.Қорғау» бағдарламасының көмегімен облыс автожолдарында 1975 жол ережесін бұзушыны тоқтатты.

Петропавлда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *