Қала әкімінің орынбасары басқа қызметке тағайындалды
СҚО әкімінің өкімімен Сәния Николайқызы Смаилова Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
СҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәния Смаилова осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып қызмет атқарған.
Өміредерек:
Сәния Николайқызы Смаилова 1969 жылдың 17 маусымында СҚО Возвышен ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Омбы ауылшаруашылығы институтын, ал 2001 жылы Кокшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Возвышен аудандық қаржы бөлiмiнiң аға маманы болып бастаған.
1997-1998 жылдар аралығында Булаев аудандық қаржы бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еткен.
1998-2013 жылдар аралығында СҚО қаржы басқармасының бiлiм мекемелерiн қаржыландыру бөлiмiнде жетекшi маман, бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарған.
2013 жылы СҚО бiлiм басқармасы басшысының экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары болды.
Петропавлдағы «Қалыңдық үйін» жөндеуге 200 млн. теңге бөлінген