Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы «Қалыңдық үйін» жөндеуге 200 млн. теңге бөлінген

Бір ғасырдан астам тарихы бар «Қалыңдық үйі» қайта жөндеуден өтпек. Осы жолы копес Янгузаров  ғимаратын қалыпқа келтіруге 200 млн. теңге қарастырылып отыр.

Тарихи нысанды алматылық Қазақ материалдық мәдениет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары тексеріп, қалыпқа келтірмек.

Жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер компания жұмысқа биыл наурыз айында кіріскенін атап өткен жөн.

— Бірегей ескерткіштің төбесі, қабырғалары ерекше жазбамен безендірілген екен. Бір ерекшелігі — мұндай жазбалар еліміз бойынша қазір еш жерде сақталмаған шығар. Ғимарат көп уақыт бойы бос, әрі суда тұрды. Соған қарамастан ғимараттың бірегейлігі бірнеше қабат бояудың астында жақсы сақталған екен. Бүгінде біз бұл жазбаларды толық аштық. Бір қызығы — әр бөлме ерекшеленеді, жазбаларға қарап, бөлменің қандай қызмет атқарғанын білуге болады, — дейді Қазақ материалдық мәдениет ғылыми — зерттеу және жобалау институының жетекшісі Ринат Кутдусов.

Ғимарат модерн стилінде салынған. Алайда сәулетші Янгузаровтың өтінішімен бірқатар өзгеріс енгізген сыңайлы.

— Модерн стилінде бет-бейнелерді қолданады, бірақ Янгузаров мұсылман болғандықтан, ол адамның бет-бейнесінің орнына гүлдерді салғызған. Осылайша бұл ғимарат өз алдына сәулетімен ерекшеленеді, сондай-ақ эклектиканы — Ислам және Еуропа мәдениетінің тоғысқанын көреміз. Тарихи ескерткішті зерттеу барысында біз үйдің безендірілуінде ақ түстің мүлде қолданылмағанын байқадық. Мұнда біздің көзіміз үйренген ақ төбе болмаған. Қабырға-төбедегі жазбалардың түстері де ерекшеленеді. Ал ғимараттың сыртын тазарту барысында біз оның алғашқы түсін табуды мақсат еттік. Яғни салынған кездегі түсі. Әр элементін тазалау арқылы негізінен охра түстер, жасыл түс қолданылғанын көрдік. Бұл түстер ислам мәдениетінде жиі қолданылады, — дейді Ринат Кутдусов.

Ғимараттың тағы бір ерекшелігі — терезелері. Мамандар оны да бәз күйінде сақтап қалмақ. Жалпы заманауи материалдарды қолданудан бас тартып, барынша алғашқы кейпіне жақындатпақшы.

— Үйдің сыртқы жұмыстары барысында гипстен жасалған керемет бұйымдарды көрдік, бірақ, өкінішке орай, ол толық көлемде сақталмаған, кейбірінің бөлшектері ғана қалған. Біз ғимараттың сәулетшісі жоспарлаған картушты қалпына келтіруді міндет етіп алып, сол бөлшектері арқылы жинадық. Бұған дейінгі қалпына келтіру жұмыстары барысында ол алынып, орнына басқа материал қолданылған екен. Үйдің сыртындағы раушан гүлдерін қалпына келтірдік. Жалпы жұмысты бітірісімен біз бұл ғимаратты безендіруде қанша гүл қолданылғанын есептемекпіз. Шамалауымызша 100 шақты гүл салынып, қолданылған, — дейді мердігер.

Қазір олардың алдында ескерткіш ғимаратты жыл соңына дейін қалпына келтіріп, тапсыру міндеті тұр.

83 жастағы зейнеткерге іздеу салынды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *