Петропавлда өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 40-тан астам кәсіпорын қатысты
Петропавлда жұмыссыздарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы іс-шараға 40-тан аса компания қатысты. Кәсіпорын-мекемелер жұмыс іздеушілерге 1800-ге жуық вакансияны ұсынды.
Кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Петропавлдағы оқушылар сарайында өтті. Мұнда жұмыс іздеушілердің саны айтарлықтай көп. Олардың арасында студенттер, жас мамандар және өз саласын өзгертуге ниетті тұрғындар да бар. Іс-шараға қатысқан 40-тан аса компания өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету және құрылыс сияқты түрлі салалар бойынша 1800-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.
— Еңбек мобильділігні орталывғымен, Петропавл қаласы мансап орталығымен бос жұмыс жәрмеңкелері өткізіліп жатыр. Жылдың басынан бастап 132 осындай жәрмеңкелер өткізілді оның 28-і онлайн форматта. Жыл басындағы қортынды бойынша 500 адамдай жұмыспен қамтылды. Өткізіліп жатқан жәрменкенің басты мақсаты жұмыссыз отырған кісілерді жұмыспен қамту, — дейді «Мансап» орталығының директоры Аман Төрегелдин.
Бұл осымен Петропавлда ұйымдастырылған 9-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. Мұндай іс-шара жұмыссыз азаматтар мен студенттер үшін керемет мүмкіндік. Себебі, жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған жұмыс орындары туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастарға кәсіби бағыт-бағдар алуға, тәжірибе жинауға және болашақта тұрақты жұмыс орындарын табуға жол ашады.