Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО прокурорлары орман қорын қорғау жөнінде шаралар қабылдады

Прокуратура органдары табиғат қорғау заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, орман заңнамасының сақталуын талдау шеңберінде орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданбау, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыстың болмауы сияқты өрескел бұзушылықтар анықталды.
Орман кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) талаптарына қарамастан, облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды тұлғалары 2006 жылдан бастап Петропавл қаласының елді мекендерінің жерлерін кеңейту үшін орман алқаптарын алып қойғаны үшін 53 млн теңге сомаға орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу жөнінде шаралар қабылдамаған.
«Ақан-сері», «Бұрлық», «Мамлют» және «Есіл» орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген.
Басқа жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісімен Экологиялық кодексті елемеуі орман алқабының аумағында аммиактың төгілуіне әкеліп соқтырды, соның салдарынан орман қоры бүлінген.
Бұл ретте, орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн теңге залал өтелді, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, прокуратураның ұсынысы бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік орман қорына кірмеген орман алқаптарын есепке алу бойынша бастапқы жұмыстар жүргізілді.
Табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселесі қадағалау органының бақылауында.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *