Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда бағдаршамды елемеген 1090 жүргізуші жауапқа тартылды

Жыл басынан бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей жол қозғалысы ережелерін бұзған 1090 көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартты. Бұл фактілер патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен және бейнебақылау камералары арқылы анықталды.

Бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізушілерге заң негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, автокөлік иелері бағдаршамның сары түсін елемейді.

Көше қиылысынан сары түске өтіп кетуге тырысатын ереже бұзушылар жолдың ортасында солға бұрылу үшін тоқтап тұрған жүргізушілердің маневрді аяқтауына мүмкіндік бермейді. Бұл апатты жағдай туғызады және жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

– Көше қиылыстарында қауіп жоғары. Адамдардың зардап шегуіне алып келген әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың нәтижесінде орын алған. Жыл басынан облыста тіркелген 433 жол апатының 102-сі осының салдарынан болған. 10 айдың ішінде СҚО жолдарында 60 мыңға жуық түрлі бұзушылықтар тіркелді. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Бейролик авторы: СҚО ПД баспасөз қызметі.

СҚО әкімі Литва елшісімен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *