Сотталған азаматқа грант берілді
Уәлиханов аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып алды. Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін сотталған сертификат алып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өзінің бизнес жоспарын іске асыруға 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды.
Ақшаға сотталған қоршауларды, шпростар мен беседкаларды дәнекерлеумен айналысатын «Іске сәтті Нұрсұлтан» жеке кәсіпкерлігін ашты. Сонымен қатар ол технологиялық жабдықты дәнекерлеу машинасы, тегістеуіш, бұрғылау машинасы және басқа да керекті жабдықтарды сатып алды.
– Мен 10 жыл бойы металл дәнекерлеумен айналыстым. Сондықтан бұл қызметте үлкен тәжірибем бар деп айтуға болады. Грантты жеңіп алғаннан кейін мен жеке кәсіпкерлікті ашып, өзіме жұмыс істеуді шештім. 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотталдым. Осы уақытта және болашақта өзімді жұмысқа, кәсіпкерлікті дамытуға және, әрине, сүйікті отбасыма арнауды жоспарлап отырмын, – деді сотталған.