Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
10 Aug
77°F
11 Aug
76°F
12 Aug
86°F
13 Aug
85°F
14 Aug
87°F
15 Aug
87°F
16 Aug
85°F
10 Aug
77°F
11 Aug
76°F
12 Aug
86°F
13 Aug
85°F
14 Aug
87°F
15 Aug
87°F
16 Aug
85°F
03:20:16Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда үй құрылысы қарқын алды

Облыс орталығында 32 көпқабатты үйдің құрылысы басталса, оның 20-сы жеке құрылыс компанияларының есебінен салынып жатыр.

− Қазір «Қопай» ескі шағынауданын қайта құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Онда апаттық және ескі үйлер бұзылып, орнына заманауи жайлы шағынаудан бой көтеруде. Мұнда 605 пәтерге арналған 7 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Бұл – кезекте тұрған азаматтарға арналған несиеге берілетін баспаналар, − деді Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жалпы, бұл шағын ауданда 27 көпқабатты үй салынады. Жаңа пәтерлерге 3,8 мың отбасы қоныстанады. Олар үшін қажетті әлеуметтік нысандар да бой көтереді.

— Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үйлер сатып алынуда. Бұл мақсатқа 5,8 млрд теңге бөлінді. Жалпы, жыл соңына дейін облыс бойынша 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, — деді СҚО әкімі.

Еске сала кетсек, СҚО-да 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *