Петропавлдық зейнеткер заңсыз діни кітаптар сатқан
Петропавлдың 75 жастағы тұрғыны үйінде жатқан діни кітаптарды сатқан. Белгілі болғандай, бұл туындыларды елімізде сатуға рұқсат етілмеген. Енді зейнеткер әйел сот шешімімен 74 мың теңге шамасында айыппұл төлеуі қажет.
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында 75 жастағы қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Татьяна Землякова өз үйінде заңсыз діни кітаптарды сатқан. Сол үшін оған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралыкодекстің 453 бабы бойынша айып тағылды.
Сотқа жолданған іс бойынша, петропавлдық Татьяна Землякова өз пәтерінде мамыр айында діни негіздегі төрт кітапты сатқан. Олар ел аумағында сатуға тыйым салынған екен. Сот отырысында қария кітаптарды сатқанын мойындады, бірақ олардың діни бағыттағы кітап екеніне келіспеді.
Тұрғынның діни оқулықтарды саудалағанын полиция инспекторы да растады. «Откровения Ангелов-хранителей: Начало» атты кітаптардың мазмұнына бірнеше сараптама жасалған. Олардың қорытындысы бойынша, бұл ел аумағында тыйым салынған жазбалардың қатарына жатады.
— Землякова Татьяна Антоновна Қазақстан Республикасының Әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Одан масс-медиа өнімдері тәркіленіп, 73 840 теңге әкімшілік айыппұл салынсын, — деп жазылған сот үкімінде.
Петропавлда интернат тәрбиешілеріне арналған семинар өтті