Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+26°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
12:50:56Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

19 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық мекемелердің жағдайын жақсарту бойынша кешенді жұмыс жалғасуда. Былтыр 5 ауылдық және 9 қалалық денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті.

Биыл 19 медициналық мекемені күрделі жөндеуден өтпек, бұл мақсатқа 2 млрд.тг бағытталмақ. Бұл пациенттер мен дәрігерлер үшін жайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам.

Жөндеумен қоса, медициналық жабдықтарды жаңарту жалғасуда. Өткен жылы бұл мақсатқа 5,4 миллиард теңге бөлініп, ауруханаларға жоғары сапалы УЗИ, цифрлық рентгендер, маммограф, салқындатқыш центрифуга, литотриптер, жасанды қан айналымы аппараты және басқа заманауи құрылғылар жеткізілді.

2025 жылы медициналық қондырғыларды жаңартуға бөлінетін қаржы 1,5 есе ұлғайып, 7,5 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 4,5 миллиард теңге қалалық медициналық ұйымдардың еншісінде. Қалалық және аудандық ауруханалар үшін МРТ, КТ, ангиограф және видеоэндоскопиялық кешенді сатып алу жоспарлануда.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *